Бізбен бірге оқыңыз

Оқу ақысы

Әрбір бағдарламаның бетінде оқу ақысы көрсетілген.

Оқу ақысының мөлшері таңдалған бағдарламаға, оның ұзақтығына және оқу мәртебесіне байланысты болады.

Ақылы негізде немесе жеке демеушілік арқылы оқитын студенттер оқу ақысын қабылдану кезінде толық көлемде немесе оқу жылы ішінде үш тең бөлікпен төлей алады.

Оқу ақысын төлеу туралы ережеде көрсетілген талаптарды орындаған студенттерге жеңілдіктер берілуі мүмкін.

Оқуға қайтып келетін студенттерге арналған төлем кестесі

2026/27 оқу жылында Cardiff University Kazakhstan-ға оқуға қайтып келетін студенттер төмендегі ақпаратты ескеруі қажет. Бұл ақпарат сонымен қатар студенттік интранетте де қолжетімді.

Оқу ақысын төлеу кестесі

БөлімСомаТөлем мерзімі
1-ші бөлім 34% 2026 жылғы 22 қыркүйек
2-ші бөлім 33% 2026 жылғы 30 қараша
3-ші бөлім 33% 2027 жылғы 28 ақпан

Оқудан тегін шығу мерзімі – 2026 жылғы 21 қыркүйекке дейін.

Оқу ақысы, оқудан шығу және төлем шарттары туралы толық ақпарат алу үшін Университеттің тиісті ережелерімен танысуға немесе көмек алу үшін Student Hub-қа хабарласуға болады.

Бізбен хабарласыңы

Қандай да бір сұрақтарыңыз болса немесе өтініш беру кезінде көмек қажет болса, біздің Қабылдау бөлімі сізге көмектесуге дайын.