Дайындық бағдарламалары (Foundation Programmes)
Cardiff University Kazakhstan университетінің барлық бакалавриат бағдарламаларына дайындық жылы (Foundation Year) арқылы түсу мүмкіндігі қарастырылған.
Дайындық жылы студенттерді бакалавриат деңгейінде оқуға қажетті академиялық біліммен, ағылшынтілі дағдыларымен және оқу машықтарымен қамтамасыз етуге арналған.
Дайындық жылының екі бағыты бар, олар төрт бакалавриат бағдарламасына жол ашады:
- Бизнес бағытындағы дайындық бағдарламасы (Business Foundation), келесі бағдарламағаалып келеді:
- STEM (жаратылыстану, технология, инженерия және математика) бағытындағы дайындықбағдарламасы, келесі бағдарламаларға алып келеді:
Барлық дайындық бағдарламалары бакалавриат бағдарламасына көшу үшін қажетті, академиялықдағдыла
Қабылдау талаптары
Үш жылдық бакалавриат бағдарламасына әкелетін дайындық жылына (Foundation Year) түсу үшін сізге қажет:
- 11-сыныпты аяқтап, орта білім туралы аттестат / сертификат алу, сонымен қатар жалпы орташа балл 4.0 немесе одан жоғары болуы керек, оның ішінде математика пәнінен де баға 4.0 немесе одан жоғары болуы тиіс;
- ағылшын тілін меңгергеніңізді растайтын халықаралық сертификат ұсыну: IELTS тестінен жалпы балл кемінде 6.0, әр компонент бойынша 5.5-ден төмен болмауы қажет, немесе TOEFL сияқты баламалы халықаралық сертификат немесе Кардифф Университеттегі ағылшын тілінен тест.
Бұл деңгейдегі балама біліктіліктер де қарастырылады.
Оқу ақысы
| Алым | Бағдарлама басталуы | |
|---|---|---|
| Қазақстандық студенттер үшін ақы | Жылына 17,000 АҚШ доллары | Қыркүйек 2027 |
| Халықаралық студенттер үшін ақы | Жылына 19,000 АҚШ доллары | Қыркүйек 2027 |
Өтінім қалай беруге болады
Таңдаған білім беру бағдарламаңызға өтінім беру өте оңай: қалаған бакалавриат бағытыңыздытаңдап, өтінім формасын толтырыңыз.
- BSc Business Management (Бизнесті басқару) дайындық жылымен (Foundation Year)
- BSc Computer Sciences (Компьютерлік ғылымдар) дайындық жылымен (Foundation Year)
- BEng Civil Engineering (Азаматтық құрылыс) дайындық жылымен (Foundation Year)
- BSc Exploration Geology (Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау) дайындықжылымен (Foundation Year)
Академиялық мазмұны
Дайындық жылы (Foundation Year) бағдарламасында оқитын барлық студенттер төменде көрсетілгеннегізгі модульдерді меңгереді. Сіз таңдаған бакалавриат бағытыңызға байланысты мамандандырылған академиялық модульдер ұсынылады.
Негізгі модульдер
Академиялық дағдылар
Кредиттер: 10 ECTS
Бұл модуль Халықаралық Foundation Year бағдарламасының студенттерін жоғары білім беружүйесінде табысты білім алу үшін қажетті негізгі академиялық дағдылармен таныстырады. Модульстуденттерге Ұлыбританияның академиялық талаптарын түсінуге, өз бетінше білім алустратегияларын дамытуға және бакалавриат бағдарламасына өту үшін қажетті сенімділіктіқалыптастыруға көмектеседі.
Академиялық дағдыларды дамыту барысында модуль әртүрлі пәндік салалардың айырмашылықтарымен ұқсастықтарын, сондай-ақ мәдени ерекшеліктерді зерделеуге негізделеді. Сонымен қатар, студенттер өзгеріп отыратын жаһандық сын-қатерлерді бірлесе шешу жолдарын қарастырады.
Оқу нәтижелері мыналарды қамтиды:
Академиялық оқу, зерттеу және цифрлық сауаттылық
- Кітапхана дерекқорлары мен онлайн зерттеу құралдарын пайдалана отырып, тиістіакадемиялық және цифрлық дереккөздерді анықтау және таңдау;
- Академиялық мәтіндердегі негізгі идеяларды, тұжырымдар мен дәлелдерді түсіндіру;
- Ақпарат жинау мақсатында цифрлық құралдарды, соның ішінде жасанды интеллект негізіндегізерттеу құралдарын қолдану;
- Академиялық, цифрлық және жасанды интеллект көмегімен жасалған дереккөздердіңсенімділігін, өзектілігін және шектеулерін бағалау.
Академиялық жазылым және жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану
- Академиялық жазылым талаптарына сәйкес құрылымдалған жазбаша жұмыстар дайындау;
- Тиісті дәлелдермен негізделген нақты әрі жүйелі тұжырымдар әзірлеу;
- Академиялық жұмыстарды жоспарлау, жазу және редакциялау кезінде жасанды интеллектқұралдарын жауапкершілікпен қолдану;
- Академиялық адалдық талаптарына сәйкес дұрыс сілтеме жасау және жасанды интеллектқұралдарын пайдаланғанын көрсету.
Қарым-қатынас, презентация және цифрлық құралдар
- Талқылаулар мен семинарлар барысында академиялық идеяларды анық әрі түсінікті жеткізу;
- Тиісті академиялық тілді пайдалана отырып, құрылымдалған ауызша және цифрлықпрезентациялар жасау;
- Цифрлық презентация және бірлесіп жұмыс істеу құралдарын тиімді пайдалану;
- Курстастардың, оқытушылардың және цифрлық платформалардың кері байланысына сындарлытүрде жауап беру.
Сыни ойлау, бағалау және жасанды интеллект туралы түсінік
- Академиялық тұжырымдарды, дереккөздерді және жасанды интеллект көмегімен жасалғанмазмұнды талдау;
- Сенімді және сенімсіз ақпаратты ажырату;
- Негізделген қорытынды жасау үшін әртүрлі көзқарастарды салыстыру;
- Академиялық пайымдау негізінде жасанды интеллект ұсынған нәтижелердің орындықолданылуын бағалау.
Оқу дағдылары, академиялық тәжірибе және цифрлық технологияларды этикалық тұрғыданпайдалану
- Уақытты басқару және өз бетінше білім алу сияқты тиімді оқу стратегияларын қолдану;
- Академиялық оқу үдерісін қолдау үшін цифрлық оқу орталары мен өнімділікті арттыруқұралдарын пайдалану;
- Академиялық адалдық, деректердің құпиялылығы және жасанды интеллектіні этикалықтұрғыдан пайдалану қағидаттарын түсіну;
- Академиялық дамуды жалғастыру мақсатында жеке оқу тәжірибесіне талдау жасау.
Қазақстан тарихы
Кредиттер: 10 ECTS
«Қазақстан тарихы» курсы сізді ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі Қазақстанның бүгінгі аумағымен халқының қалыптасуына ықпал еткен негізгі тарихи үдерістермен таныстырады. Бұл модульҚазақстан Республикасының жоғары білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкесжалпы білім беру бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, ол тіл, жаратылыстану ғылымдары және математика салаларындағы базалық дағдыларды гуманитарлықбілімнің кең ауқымды бағыттарымен толықтырады.
Сіз Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, соның ішінде көшпелі мәдениеттердің дамуын, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен эволюциясын, отаршылдықтың, кеңестік басқару жүйесініңжәне тәуелсіздік кезеңіндегі ұлт қалыптастыру үдерісінің әлеуметтік-саяси мұрасын зерделейсіз. Азаматтық бірегейліктің, мәдени сабақтастықтың және тарихи жадтың уақыт өте келе, сондай-ақкеңірек өңірлік және жаһандық үдерістермен өзара байланыста қалай қалыптасқанына ерекше назараударылады.
Түпнұсқа тарихи дереккөздермен (аударма нұсқаларымен) және ғылыми зерттеулермен жұмыс істеуарқылы сіз тарихи және салыстырмалы талдау дағдыларын дамытып, топта жұмыс істеу жәнепрезентация жасау тәжірибесін жинақтайсыз. Модуль пәнаралық білімді қолдануға және жаһандықүдерістер туралы саналы түсінік қалыптастыруға негіз болатын дербес ойлау мен ғылыми ізденістідамытады. Бұл курс Қазақстанның тарихын кең ауқымды тарихи үдерістер аясында зерделеугеұмтылатын қазақстандық және халықаралық студенттер үшін ерекше пайдалы.
Модульді аяқтағаннан кейін студенттер:
- Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері мен маңыздыоқиғаларын анықтап, сипаттай алады.
- Қазақстанның өткен кезеңіндегі негізгі тарихи оқиғаларды, үдерістер мен өзгерістерді анықтап, оларды кеңірек өңірлік және жаһандық тарихи үдерістер аясында қарастыра алады.
- Қазақстанның өткен кезеңіне қатысты нақты тарихи мысалдарды талдау үшін тарихитұжырымдамалар мен тәсілдерді қолдана алады және олардың қазіргі Қазақстанның саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларына ықпалын қарастыра алады.
- Тарихи дереккөздерде ұсынылған әртүрлі көзқарастар туралы түсінігін көрсете алады.
- Ақпаратты анық әрі дәл жеткізіп, қойылған сұрақтар мен кері байланысқа тиісті түрде жауапбере алады.
Философияға кіріспе
Кредиттер: 10 ECTS
«Философияға кіріспе» курсы философияның негізгі ұғымдары мен қағидаттарын зерделеугеарналған қолжетімді әрі қызықты негіз ұсынады. Курстың мақсаты – негізгі философиялықтұжырымдамалар мен дәлелдерді қазіргі Қазақстан қоғамы мен жаһандық қоғамда қолданумүмкіндіктерін қарастыру. Курс философияның ауқымы мен әдістері туралы бастапқы түсінікқалыптастыруға, алған білімді басқа пәндерді меңгеру барысында, сондай-ақ күнделікті өмірде, әсіресе этикалық, саяси және қоғамдық мәселелерге қатысты қолдануға мүмкіндік береді. Осығанбайланысты бұл модуль тиісті білім беру бағдарламаларының негізгі құрамдас бөлігі болып табыладыжәне тіл, жаратылыстану ғылымдары мен математика салаларындағы базалық дағдылардыгуманитарлық білімнің кең ауқымды бағыттарымен толықтырады.
Алдымен сіз философияның пән ретіндегі мәні мен негізгі мақсаттарына қатысты маңыздысұрақтарды қарастырып, оның негізгі салаларымен, соның ішінде гносеологиямен (таным теориясы), ғылым философиясымен, этикамен және салыстырмалы философиямен танысасыз. Осы теориялықнегізді меңгергеннен кейін моральдық және саяси философия аясындағы этикалық мәселелерді сынитұрғыдан талдап, бағалауға және философиялық ойлау тәсілдерін азаматтық қоғам мәселелерінеқолдануға мүмкіндік аласыз.
Осы тұрғыда қарастырылатын тақырыптарға лайықты өмір туралы түсініктер, төзімділік қағидаты, мемлекеттің негіздері, бостандық пен теңдік, сондай-ақ философия мен тарихтың өзара байланысыкіруі мүмкін. Сонымен қатар, философиялық ойлардың қазіргі Қазақстан және жаһандық қоғамды, әсіресе империализм, тіл және ұлттық бірегейлік мәселелерін түсінуге қосатын үлесі қарастырылады.
Философиялық түпнұсқа мәтіндермен, соның ішінде философия тарихындағы көрнекті ойшылдардыңеңбектерімен және заманауи танымал ақпарат көздеріндегі философиялық тақырыптар менмәселелермен жұмыс істеу арқылы сіз философиялық және аналитикалық дағдыларды дамытып, топта жұмыс істеу және презентация жасау тәжірибесін жинақтайсыз. Модуль пәнаралық білімдіқолдануға және жаһандық үдерістер туралы саналы түсінік қалыптастыруға негіз болатын дербесойлау мен ғылыми ізденісті дамытады. Бұл курс Қазақстанды кеңірек этикалық, саяси жәнеәлеуметтік контекст аясында түсінуге ұмтылатын қазақстандық және халықаралық студенттер үшінерекше пайдалы.
Оқу нәтижелері мыналарды қамтиды:
- Философияның пән ретіндегі негізгі мақсаттары мен әдістерін түсіну, философияның негізгісалаларын анықтау және сипаттау.
- Нақты академиялық пікірталастар мен мәтіндерді мұқият зерделеу арқылы гносеология, метафизика, этика және саяси философия салаларындағы негізгі мәселелерді түсіну және сынитұрғыдан бағалау.
- Философиялық еңбектер мен басқа да мәтіндердегі негізгі дәлелдерді анықтау, оларды мұқиятсын тұрғысынан талдау арқылы аналитикалық және дәлелді пікір қалыптастыру дағдыларынқолдану.
- Тиісті академиялық және кәсіби деңгейде оқу, талдау, сыни бағалау, пікірталас жүргізу жәнежазу дағдыларын қолдану.
- Модуль барысында меңгерген білім мен дағдыларды Қазақстан қоғамындағы және жаһандықдеңгейдегі заманауи мәселелерді қарастыруда қолдану.
- Ақпаратты анық әрі дәл жеткізіп, қойылған сұрақтар мен кері байланысқа тиісті түрде жауапберу.
Жалпы IELTS балы 6.5-тен төмен (немесе оған баламалы нәтижесі бар) студенттер үшін«Академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі» модулін оқу міндетті болады.
Академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі
IELTS жалпы балы 6.5-тен төмен (немесе оған балама) студенттер үшін «Академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі» (English for Academic Purposes) модулін өту міндетті болады.
Академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі
Кредиттер: 10 ECTS
Бұл модуль Foundation Year бағдарламасынан Ұлыбритания университетіндегі бакалавриатдеңгейіндегі оқуға сәтті өту үшін қажетті академиялық ағылшын тілі мен оқу дағдыларын дамытады. Ұлтаралық білім беру (transnational education) жағдайында білім алатын және тілдің төрт негізгідағдысы бойынша ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруды қажет ететін халықаралық студенттергеарналған. Модуль академиялық қарым-қатынастағы сенімділікті қалыптастыруға, өз бетінше білім алудағдыларын дамытуға және Ұлыбританияның академиялық талаптары мен нормаларын түсінугебағытталған.
Оқу нәтижелері мыналарды қамтиды:
Оқу (Reading)
- Академиялық мәтіндердегі негізгі идеяларды, оларды қолдайтын қосымша ақпаратты жәнемәтіннің құрылымдық ерекшеліктерін анықтау;
- Ақпаратты тиімді алу үшін оқу стратегияларын (мәтінді шолып оқу, нақты ақпаратты іздеп оқу, алдын ала болжау және мәтінге белгі қою) қолдану;
- Академиялық дереккөздердің сенімділігі мен өзектілігін бағалау.
Жазу (Writing)
- Нақты құрылымы мен логикалық байланысы бар қысқа академиялық мәтіндер (абзацтар менқарапайым эсселер) жазу;
- Тиісті сілтеме жасау талаптарын сақтай отырып, ақпаратты өз сөзімен жеткізу, қорытындылаужәне дереккөздерді жазбаша жұмысқа енгізу қабілетін көрсету;
- Foundation Year деңгейіндегі жазбаша жұмыстарға сәйкес грамматика, тыныс белгілері жәнеакадемиялық сөздік қорды дұрыс қолдану.
Тыңдалым (Listening)
- Қысқа академиялық дәрістер мен пікірталастар барысында құрылымдалған жазбалар жасау;
- Ауызша академиялық ақпараттағы негізгі идеяларды, мысалдарды және ойды жүйелеугекөмектесетін тілдік құрылымдарды анықтау;
- Академиялық аудиоматериалдардың жалпы мазмұны мен негізгі бөлшектерін түсіну қабілетінкөрсету.
Сөйлеу (Speaking)
- Тиісті тілдік стиль мен сөз кезегін сақтау стратегияларын қолдана отырып, шағын топтардағыакадемиялық пікірталастарға қатысу;
- Нақты құрылымы мен көрнекі материалдары бар қысқа академиялық презентация жасау;
- Семинар форматындағы талқылауларда сұрақтар қою және оларға жауап беру.
Тілдік жүйелер (Language Systems)
- Академиялық сөздік қор мен әртүрлі пәндерде қолданылатын жалпы терминологияны біртіндепмеңгеру және пайдалану;
- Академиялық мәтіндерде жиі қолданылатын грамматикалық құрылымдарды барған сайындұрыс қолдану;
- Академиялық адалдық, сілтеме жасау және плагиатқа жол бермеу қағидаттарын түсіну.
Бизнес бағытындағы дайындық бағдарламасының (Business Foundation) мамандандырылғанмодульдері
Әлеуметтік ғылымдардағы негізгі тақырыптар
Кредиттер: 10 ECTS
Бұл модуль адамдардың, ұйымдардың және қоғамдардың қалай жұмыс істейтінін түсінуге көмектесетін әлеуметтік ғылымдардағы негізгі идеялар мен пікірталастарды зерттейді — және олардың бизнестегі маңызы неде екенін талдайды.
Осы модуль аясында сіз дәлелді, негізделген аргументтер құруды, хабардар пікір қалыптастыруды және негізгі пікірталастарды сыни тұрғыдан бағалауды үйренесіз. Мәдениет, сәйкестік және билік адамның мінез-құлқы, шешімдері мен қарым-қатынасына қалай әсер ететінін зерттейсіз. Сонымен қатар, білім беру, үкімет және экономика сияқты әлеуметтік құрылымдардың бизнес ортасына, тұтынушылардың мінез-құлқына және жұмыс күші динамикасына ықпалын талдайсыз.
Сондай-ақ, жаһандану, климаттың өзгеруі және әлеуметтік теңсіздік сияқты өзекті мәселелер қарастырылады және олардың бизнес пен жалпы экономикаға ықпалы зерделенеді. Модуль әлеуметтану, саясаттану және экономика сияқты негізгі пәндермен таныстырады және оларды еңбек, кәсіпкерлік пен басқару салаларымен байланыстырады.
Сонымен бірге, бұл модуль зерттеулердегі болжамдар мен шектеулерді анықтау арқылы әлемге сыни тұрғыдан қарау қабілетін дамытады. Модуль соңында сіз сыни ойлау дағдыларын дамытып, әлеуметтік факторлардың бизнестің табысына қалай әсер ететінін тереңірек түсінетін боласыз — бұл сізді бизнес, басқару немесе соған қатысты салаларда әрі қарай оқуға дайындайды.
Оқу нәтижелері:
- Әлеуметтік ғылымдардың негізгі ұғымдарын анықтап, түсіндіру.
- Әлеуметтік ғылымдар саласындағы негізгі тақырыптарды талқылау.
- Дәлелдер мен теориялық негіздерге сүйеніп, негізделген аргументтер құру.
- Әлеуметтік мәселелерге қатысты түрлі көзқарастарды бағалап, хабардар пікір қалыптастыру.
- Әлеуметтік зерттеулердегі болжамдар мен шектеулерді анықтау.
Әлеуметтік зерттеу әдістері
Кредиттер: 10 ECTS
Бұл модульде сіз бизнес басқару саласындағы зерттеу жобаларын жүргізудің әртүрлі тәсілдерін меңгересіз. Модуль жақсы зерттеу сұрағын дұрыс қою қағидаларын қарастырудан басталады, одан кейін сандық және сапалық әдістердің айырмашылықтары талданады. Сондай-ақ, сіз деректерді жинаудың қарапайым құралдарын жобалау тәжірибесін игересіз.
Оқу нәтижелері
- Бизнес басқару контекстіне сәйкес зерттеу сұрағын нақтылау.
- Сандық және сапалық тәсілдердің негізгі айырмашылықтарын сипаттау.
- Зерттеу сұрағына сәйкес келетін тиімді зерттеу стратегиясын қолдану.
- Зерттеу ұсынысын әзірлеу және оны әріптестермен бірлесе ұсыну.
- Бизнес басқару саласындағы зерттеуге қатысты этикалық мәселелерді қарастыру.
Экономика және бизнес контекстін түсіну
Кредиттер: 10 ECTS
Бұл модуль бизнес жұмыс істейтін сыртқы ортаны талдауға қажетті дағдыларды береді. Сіз бұл факторлардың бизнес стратегиялары мен шешім қабылдауға қалай әсер ететінін, нақты өмірдегі қолданысқа бағытталған түрде зерттейсіз. Негізгі тақырыптарға үкімет саясаты, экономикалық көрсеткіштер, әлеуметтік үрдістер, технологиялық жетістіктер, заңдылықтар мен тұрақтылық мәселелері кіреді.
Оқу нәтижелері
- Саяси жүйелердің, үкімет саясатының және құқықтық негіздердің бизнеске тигізетін мүмкіндіктері мен қиыншылықтарын сипаттау.
- Инфляция, ЖІӨ, жұмыссыздық, пайыздық мөлшерлемелер және ғаламдану сияқты экономикалық факторлардың бизнес нәтижесіне, саудаға және стратегиялық шешім қабылдауға әсерін түсіндіру.
- Демографиялық көрсеткіштер, өмір салты өзгерістері және тұтынушы мінез-құлқы сияқты әлеуметтік және мәдени факторлардың бизнеске әсерін анықтау және бағалау.
- Технологиялық дамулардың инновацияға, бизнес тиімділігіне және бәсекелестік артықшылыққа қалай ықпал ететінін көрсету.
- Тұрақтылық пен климат өзгерісі сияқты экологиялық факторлардың бизнес тәжірибесіне және ұзақ мерзімді жоспарлауға әсерін түсіндіру.
Ұйымдарды түсіну
Кредиттер: 10 ECTS
Бұл модульде сіз ұйымдардың қалай жұмыс істейтінін және ішіндегі адамдардың қызметін үйренесіз. Маркетинг, стратегия, операциялар, қаржы, есеп және кадрлар басқару сияқты негізгі бизнес салалары қарастырылады, сондай-ақ жеке және топтық мінез-құлық, менеджерлік бақылау және жұмыстың өзгермелі сипаты зерттеледі. Осы арқылы сіз бизнес пәндерінің негізін және басқару тәжірибесіне әсер ететін түрлі теориялық көзқарастарды меңгересіз.
Оқу нәтижелері
- Ұйымдардағы негізгі бизнес салаларының (маркетинг, стратегия, операциялар, қаржы, есеп және кадрлар басқару) рөлдерін анықтау.
- Ұйымдық мақсаттарға жетуде стратегия мен шешім қабылдаудың маңыздылығын түсіндіру.
- Негізгі маркетинг принциптерін қолдана отырып, ұйымдардың тұтынушыларға құндылық жасауды көрсету.
- Адам ресурстарын басқару тәжірибесінің ұйымдық нәтижеге қалай әсер ететінін талқылау.
- Ұйымдық шешім қабылдауды түсіну үшін негізгі қаржылық және есеп деректерін интерпретациялау.
- Операцияларды басқарудағы тиімділік пен тұрақтылық сияқты қиындықтарды талдау.
STEM (жаратылыстану, технология, инженерия және математика) бағытындағы дайындықбағдарламасының мамандандырылған модульдері
Ғылыми ойлау
Кредиттер: 10 ECTS
Бұл модуль ғылымның қалай құрылатынын және ғалымдардың әлемді қалай зерттейтінін түсіндіреді. Сіз зерттеу сұрақтарын қоюды, қарапайым эксперименттерді жоспарлап, олардың нәтижелерін мұқият талдауды үйренесіз. Сонымен қатар, сыни ойлау, өз бетінше жұмыс істеу және Ұлыбритания университеттеріндегі академиялық ортаға бейімделу дағдыларын дамытасыз.
Сіз ғылыми мәтіндерді оқуға, қателер мен әлсіз аргументтерді анықтауға, сондай-ақ өз ойларыңызды постерлер, бейнематериалдар және презентациялар арқылы анық жеткізуге машықтанасыз.
Оқу нәтижелері
- Бақылау және логикалық тұжырым негізінде тексеруге болатын гипотезалар құрып, қарапайым тәжірибелер жасау үшін ғылыми әдісті қолдану
- Ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, ақпараттың күшті және әлсіз жақтарын анықтап, зерттеудегі ауытқулар мен шектеулерді тану
- Деректерді тиісті әдістермен талдап, заңдылықтарды анықтау және негізделген қорытынды жасау
- Қысқа бейнематериалдар мен визуалды құралдар арқылы ғылыми ойларды нақты, ғылыми терминологияны және заманауи презентациялық тәсілдерді қолданып жеткізу
- Ғылыми әдіске және өзіңіздің оқу барысыңызға талдау жасап, жоғары білімге қажетті оқу дағдыларын көрсету
Математикалық негіздер
Кредиттер: 10 ECTS
Бұл модуль алгебра, тригонометрия және геометрия сияқты математиканың негізгі бағыттарында мықты дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Сіз есеп шығаруды, логикалық ойлауды және маңызды математикалық ұғымдарды түсінуді үйренесіз. Бұл дағдылар — жаратылыстану ғылымдары мен инженерия саласында оқуға қажетті негіз.
Сіз әртүрлі теңдеулермен, графиктермен және пішіндермен жұмыс істеуді үйренесіз. Сондай-ақ қарапайым ережелерді қолданып, еңіс пен ауданды табу сияқты негізгі есептеулер арқылы бастапқы математикалық анализ (калькулюс) негіздерімен танысасыз.
Оқу нәтижелері
- Алгебралық өрнектер мен функцияларды (мысалы, полиномдар, бөлшек өрнектер, дәрежелер) дұрыс түрлендіріп, есептерді шешу
- Сызықтық, квадраттық, жүйелік және тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді алгебралық және графикалық әдістермен шешу және түсіндіру
- Координаталық геометрия мен векторлық операцияларды пайдаланып, екі өлшемді кеңістікте түзулер, шеңберлер және қарапайым конустық
- Тригонометриялық ережелерді, графиктерді, теңбе-теңдіктерді және кері функцияларды радиан және градус арқылы бұрыштар, үшбұрыштар және периодтық заңдылықтарға байланысты есептерді шешуде қолдану
Деректер ғылымы және статистика
Кредиттер: 10 ECTS
Бұл модульде сіздер деректерді талдаудың негізгі қағидалары мен әдістерімен танысасыздар. Сіздер деректерді жинау, тазалау және өңдеу тәсілдерін, сондай-ақ сипаттамалық статистика мен деректерді визуализациялау әдістерін меңгересіздер.
Сіздер деректерді тиімді қорытындылап, түсіндіруді, заңдылықтар мен үрдістерді анықтауды үйренесіздер. Сонымен қатар, ықтималдық статистикасының негізгі ұғымдарымен, соның ішінде гипотеза тестілеуі мен сенімділік интервалдарымен танысасыздар.
Модуль практикалық бағытта құрылған және студенттерге нақты деректер жиынтығын талдауға және негізделген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Оқу нәтижелері
- Түрлі көздерден алынған деректерді жинап, оларды тиісті әдістермен талдауға дайындау
- Орта мән, дисперсия және корреляция сияқты сипаттамалық статистикаларды есептеу және түсіндіру
- Гистограмма, нүктелік диаграмма және қорапша диаграмма сияқты графикалық әдістермен деректерді бейнелеу
- Негізгі ықтималдық статистикалық тесттерді орындау және олардың нәтижелерін түсіндіру
- Статистикалық терминология мен визуализацияны қолдана отырып, деректер талдау нәтижелерін нақты және түсінікті жеткізу
BSc Computer Sciences (Компьютерлік ғылымдар) немесе BEng Civil Engineering (Азаматтық құрылыс)бакалавриат бағдарламаларына өтетін студенттер үшін:
Математикалық модельдеу және қолданбалар
Бұл модуль нақты әлем құбылыстарын түсіну және модельдеу үшін математикалық әдістер мен есептеуді тиімді үйлестіретін тәсілмен таныстырады. Сіз есептеу (калькулюс) ережелерін және негізгі бағдарламалау қағидаттарын меңгеріп, математикалық идеяларды жұмыс істейтін компьютерлік бағдарламаға айналдыруды үйренесіз.
Оқу нәтижелері
- Айнымалылар мен шартты операторларды пайдаланып, математикалық есептерді модельдейтін қарапайым алгоритмдер жазу
- Калькулюстің негізгі ережелерін қолданып, стандартты функцияларды алғашқы принциптер арқылы туындылату; көбейтінді, бөлінді және тізбектелген ережелерді қолдану
- Математикалық есептерді нақты және түсінікті есептеу алгоритмдеріне айналдырып, оларды дәл бағдарламалық кодпен жүзеге асыру
- Дифференциалдық теңдеулер моделін есептеп, визуализация әдістері арқылы қарапайым математикалық модельдерді талдау
- Ғылыми және математикалық мәселелерді зерттеп шешу үшін есептеу ойлауы мен бағдарламалау дағдыларын қолданып, күрделі модельдеу, симуляция және визуализация әдістерін қолдану
BSc Exploration Geology (Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау) бакалавриат бағдарламасына өтетін студенттер үшін:
Жер планетасын зерттеу
Бұл модуль Жердің барлық жүйелерін қамтып, қатты Жер, атмосфера және мұхиттар арасындағы негізгі үдерістерді біріктіреді және олардың қазіргі тіршілікке қолайлы планетаның қалыптасуындағы рөлін зерттейді. Сіз қатты Жер циклін зерттеп, тау жыныстарының түрлерімен (магмалық, метаморфтық, шөгінді) және олардың айналымымен (Rock Cycle) танысасыз.
Сондай-ақ, сіз атмосфера мен мұхит жүйесін зерттеп, Жердің бетінде жүретін жаһандық үдерістерге назар аударасыз. Температура градиенттері, желдер мен ағыстар сияқты құбылыстар қарастырылады. Сонымен қатар, өткендегі климаттың төтенше жағдайлары — «мұзды Жер», «жасыл үй» әсері және мұздықтар аралығындағы циклдар — талқыланады. Атмосфера мен мұхит температураларының көтерілуі және болашақ климаттың қалай модельденетіні арқылы сіз қоғамға төнетін қауіптер мен қатерлерді түсінесіз.
Соңында, сіз Жер жүйесі өндіретін минералдық, энергетикалық және су ресурстарын зерттейсіз.
Оқу нәтижелері
- Геологиялық дереккөздерге сүйене отырып, Жердің ішкі және сыртқы құрылымын сипаттау
- Жердің беткі қабатын қалыптастыратын негізгі геологиялық үдерістерді және олардың таулардың, жанартаулардың, жер сілкіністерінің пайда болуындағы рөлін түсіндіру
- Жер жүйесінің әртүрлі бөліктері арасындағы өзара әрекеттестік пен алмасуды сипаттайтын ғылыми қағидаларды түсіндіру
- Өткен климат жағдайларын уақыт аясында сипаттап, атмосфера-мұхит/қатты Жер жүйесімен байланысты климаттық және геологиялық қатерлерді анықтау
- Минералдық, энергетикалық және су ресурстарының пайда болу орындарын және таралуын тану
- Жер туралы ғылымдарға қатысты негізгі әдістерді (деректерді талдау, түсіндіру және нәтижелерді баяндау) қолдану
Бізбен хабарласыңы
Қандай да бір сұрақтарыңыз болса немесе өтініш беру кезінде көмек қажет болса, біздің Қабылдау бөлімі сізге көмектесуге дайын.