Курстар

BSc Computer Sciences (Компьютерлік ғылымдар)

Компьютерлік ғылымдар – шығармашылық жаңалықтар мен өнертабыстарға толы, қазіргі өмірдің барлық саласына әсер ететін қызықты әрі қарқынды дамып келе жатқан сала.

Бағдарламаның қысқаша сипаттамасы

Компьютерлік ғылымдар (BSc), дайындық жылын қамтитын бағдарламада студенттер мәліметтердің қалай сақталатынын, өңделетінін, қолданылатынын және ақпараттық жүйелер арқылы қалай қауіпсіздік қамтамасыз етілетінін үйренеді. Студенттер бағдарламалау тілдері, мәліметтер базалары, операциялық жүйелер, графика, робототехника және басқа да күрделі технологиялар негіздерін игеріп, сондай-ақ бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу сияқты бағдарламалық инженерия пәндерін зерттейді.

Бағдарлама үнемі қайта қаралып, студенттердің болашақтағы кәсіби қызметіне сәйкес болуы қамтамасыз етіледі.

Оқу ақысы


Баға Бағдарлама басталу мерзімі
Қазақстандық студенттер үшін ақы 17,000 АҚШ доллары жылына 2027 жылғы қыркүйек
Халықаралық студенттер үшін ақы 19,000 АҚШ доллары жылына 2027 жылғы қыркүйек

Қабылдау талаптары

Үш жылдық бакалавриат бағдарламасына түсу үшін талап етіледі:

  • A-level: BBC бағалары
  • GCSE математикасы: B/6 бағасы
  • ағылшын тілін меңгергеніңізді растайтын халықаралық сертификат ұсыну: IELTS тестінен жалпы балл кемінде 6.5, әр компонент бойынша 5.5-ден төмен болмауы қажет, немесе TOEFL сияқты баламалы халықаралық сертификат немесе Кардифф Университеттегі ағылшын тілінен тест.

Көрсетілген талаптар Ұлыбританияның GCSE және A-level жүйесіне негізделгеню Осы деңгейге теңестірілгенбаламалы біліктіліктер де қарастырылады.

Модульдер

1-курс (60 ECTS)

Модуль атауыКредиттер
Бағдарламалау негіздері 10 ECTS
Компьютерлік жүйелер 10 ECTS
Ақпараттық жүйелер негіздері 10 ECTS
Объектіге бағытталған бағдарламалау және деректер құрылымдары 10 ECTS
Компьютерлік ғылымдарға арналған математика 10 ECTS
Компьютерлік ғылымдардағы кәсіби практика 10 ECTS

2-курс (60 ECTS)

Модуль атауыКредиттер
Бағдарламалық инженерия 10 ECTS
Алгоритмдер мен деректер құрылымдары 10 ECTS
Мәселелерді шешуге бағытталған топтық жоба 10 ECTS
Full Stack әзірлеу 10 ECTS
Деректерді талдау және түсіну 10 ECTS
Жасанды интеллект негіздері 10 ECTS


3-курс (60 ECTS)

Модуль атауыКредиттер
Жеке жоба 20 ECTS
Цифрлық трансформация 10 ECTS
Есептеу теориясы және автоматтандырылған пайымдау
10 ECTS
Машиналық оқыту
10 ECTS
Дизайн-ойлау және прототиптеу
10 ECTS


Бізбен хабарласыңы

Қандай да бір сұрақтарыңыз болса немесе өтініш беру кезінде көмек қажет болса, біздің Қабылдау бөлімі сізге көмектесуге дайын.