Курстар

BSc Exploration Geology (Барлау геологиясы ғылымының бакалавры)

Жердің табиғи ресурстарды қалай қалыптастырғанын және болашақ қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды қалай барлауға болатынын зерттеңіз.

Бағдарлама туралы жалпы мәлімет

Адамдар ғасырлар бойы металдар, минералдар, мұнай мен газ сияқты Жердің табиғи ресурстарын қалалар мен елді мекендер салу, үйлерімізді жарықтандыру және біз күнделікті қолданатын көліктерді, құрылғыларды, құрал-саймандарды жасау үшін пайдаланып келеді. Бүгінгі таңда жаңа ресурстарды табу қиындай түсті, сондықтан оларды жауапкершілікпен іздеу және игеру үшін арнайы дағдылар мен технологиялар қажет.

Геология және пайдалы қазбаларды барлау (BSc) бағдарламасы аясында сіз мәліметтерді талдау, сенімді шешім қабылдау және жер үсті мен жер асты жұмыстарын жүргізу дағдыларын меңгересіз. Мамандырылған барлау модульдері мен практикалық сабақтар арқылы студенттер минералдарды сипаттау әдістерін үйреніп, сала мамандары қолданатын заманауи бағдарламалар мен деректермен жұмыс істейді.

Барлық студенттер пайдалы қазбаларды барлау саласына әсер ететін экологиялық, әлеуметтік және басқару факторларымен танысады. Сондай-ақ, олар тұрақтылыққа бағытталған элективті пәндерді – мысалы, табиғи қауіптерге төзімділік пен экологиялық геология сияқты модульдерді таңдай алады.

Оқу ақысы


Алым Бағдарлама басталуы
Fee for Kazakhstani students Жылына 17,000 АҚШ доллары Қыркүйек 2027
Fee for international students Жылына 19,000 АҚШ доллары Қыркүйек 2027

Қабылдау талаптары

Үш жылдық бакалавриат бағдарламасына түсу үшін талап етіледі:

  • A-level:  BBC (жаратылыстану бағытындағы 1 пән), немесе BCC (жаратылыстану бағытындағы 2 пән)
  • GCSE математикасы: C/4 бағасы
  • ағылшын тілін меңгергеніңізді растайтын халықаралық сертификат ұсыну: IELTS тестінен жалпы балл кемінде 6.5, әр компонент бойынша 5.5-ден төмен болмауы қажет, немесе TOEFL сияқты баламалы халықаралық сертификат немесе Кардифф Университеттегі ағылшын тілінен тест.

Көрсетілген талаптар Ұлыбританияның GCSE және A-level жүйесіне негізделгеню Осы деңгейге теңестірілгенбаламалы біліктіліктер де қарастырылады.

Модульдер

Бірінші курс (60 ECTS)

Модуль атауыКредиттер
Динамикалық орта әлемі 10 ECTS
Жер планетасын зерттеу 10 ECTS
Геоақпараттық жүйелер, карталар және аналитикалық дағдылар 10 ECTS
Жер туралы далалық зерттеу 10 ECTS
Жер материалдары 10 ECTS
Өмір мен Жердің тарихы 10 ECTS

Екінші курс (60 ECTS)

Модуль атауыКредиттер
Қолданбалы геологиялық далалық жұмыс, деректерді талдау және кәсіби дағдылар 20 ECTS
Шөгінді жыныстар фациялары мен ортасы 10 ECTS
Петрология және вулканология 10 ECTS
Құрылымдық геология және геофизикалық зерттеу 10 ECTS
Қолданбалы экологиялық және ресурс геологиясы 10 ECTS

Үшінші курс (60 ECTS)

Модуль атауыКредиттер
Минералды кен орындарын барлау және бағалау 10 ECTS
Пайдалы қазбаларды барлау бойынша дипломдық жоба 20 ECTS

Таңдау модульдері

Үшінші курста студенттер төмендегі модульдер арасынан 30 ECTS көлемінде таңдау жасайды:

Модуль атауыКредиттер
Жетілдірілген экологиялық геология 10 ECTS
Мұнай, геоэнергетика және ойпаттарды талдау 10 ECTS
Озық петрология және геохимия 10 ECTS
Геодинамика 5 ECTS
Қауіптер, тәуекел және тұрақтылық 5 ECTS

Бізбен хабарласыңы

Қандай да бір сұрақтарыңыз болса немесе өтініш беру кезінде көмек қажет болса, біздің Қабылдау бөлімі сізге көмектесуге дайын.