Курстар

BSc Business Management (Бизнесті басқару)

Бұл бағдарлама әртүрлі ұйымдарға, соның ішінде көпұлтты корпорациялардан бастап әлеуметтік кәсіпорындар мен қайырымдылық ұйымдарына дейін назар аударады.

Бағдарламаның сипаттамасы

Ұйымдар халықаралық бизнес нарығының күннен-күнге қаныға түсуіне байланысты үнемі өздерін қайта жаңартып, жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіріп отыруы қажет. Бұл теорияны практикамен ұштастыра алатын және заманауи бизнес ортада тәжірибесі бар түлектерге деген сұранысты арттырады.

Бұл курс көпұлтты корпорациялардан бастап әлеуметтік кәсіпорындар мен қайырымдылық ұйымдарына дейінгі әртүрлі ұйымдарға бағытталған. Мұндай кешенді көзқарас студенттердің түрлі саладағы бизнестің өзгермелі талаптарына бейімделу қабілетін дамытады.

Студенттер басқару саласындағы терең білімді халықаралық зерттеушілер мен тәжірибелі бизнес мамандарынан алады. Бағдарлама аясында олар бухгалтерлік есеп, цифрлық технологиялар, маркетинг, кадрлар мен еңбек қатынастары, менеджмент және экономика сияқты пәндермен танысады. Бұл дайындық студенттерге қазіргі заманғы бизнес пен қоғамдағы даму мен қиындықтарға тиімді жауап беруге қажетті дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ табысты мансап құруға немесе магистратура мен ғылыми зерттеулерге жол ашады.

Оқу ақысы

Баға Бағдарлама басталу күні
Қазақстандық студенттер үшін ақы 17,000 АҚШ доллары жылына 2027 жылғы қыркүйек
Халықаралық студенттер үшін ақы 19,000 АҚШ доллары жылына 2027 жылғы қыркүйек

Қабылдау талаптары

Үш жылдық бакалавриат бағдарламасына түсу үшін талап етіледі:

  • A-level: BBB бағалары
  • GCSE математикасы: B/6 бағасы
  • ағылшын тілін меңгергеніңізді растайтын халықаралық сертификат ұсыну: IELTS тестінен жалпы балл кемінде 6.5, әр компонент бойынша 5.5-ден төмен болмауы қажет, немесе TOEFL сияқты баламалы халықаралық сертификат немесе Кардифф Университеттегі ағылшын тілінен тест.

Көрсетілген талаптар Ұлыбританияның GCSE және A-level жүйесіне негізделгеню Осы деңгейге теңестірілгенбаламалы біліктіліктер де қарастырылады.

Модульдер

Бірінші курс (60 ECTS)

Модуль атауыКредиттер
Тұрақты қоғам және экономика 10 ECTS
Маркетинг қағидаттары 10 ECTS
Менеджмент: теория және дәлелдер 10 ECTS
Ұйымдардағы адамдар 10 ECTS
Бизнестегі бухгалтерлік есепке кіріспе 10 ECTS
Цифрлық операцияларды басқару 10 ECTS

Екінші курс (60 ECTS)

Модуль атауыКредиттер
Заманауи ұйымдардағы адамдарды басқару 10 ECTS
Маркетинг және стратегия 10 ECTS
Операциялық үздіктік 10 ECTS
Іскерлік бухгалтерлік есеп және қаржылық менеджмент 10 ECTS
Менеджмент пен көшбасшылықтағы жаңашыл тәсілдер 10 ECTS
Халықаралық менеджмент 10 ECTS

Үшінші курс (60 ECTS)

 
Модуль атауыКредиттер
Стратегиялық менеджмент 10 ECTS
Қазіргі заманғы менеджерлерге арналған сыни көзқарастар 10 ECTS
Заманауи жеткізу тізбегін басқару 10 ECTS
Ауқымды сын-қатерлер 10 ECTS
Халықаралық бизнестегі жаһандық сын-қатерлер 10 ECTS
Жаһандық тұрақтылық мүддесіндегі басқару 10 ECTS
 

Бізбен хабарласыңы

Қандай да бір сұрақтарыңыз болса немесе өтініш беру кезінде көмек қажет болса, біздің Қабылдау бөлімі сізге көмектесуге дайын.